{metadescription}
Хиросима бомбасынан 10 есе жойқын метеорит жарылды

Хиросима бомбасынан 10 есе жойқын метеорит жарылды

19 желтоқсанда Ресейдің Камчатка түбегінде қуаттылығы Хиросимаға тасталған бомбадан 10 есе артық метеорит жарылды.

Алайда бұл жайт тек наурыз айында ғана белгілі болды, деп хабарлайды Sky News НАСА-ның мәліметтеріне сілтеме жасап. Бұл -  соңғы жүзжылдықтағы қуаттылығы бойынша екінші жарылыс. 2013 жылы Челябинскіде құлаған метеориттен кем түспейді.  Жарылыс қуаттылығы – 173 килотонна.

НАСА қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жарылыс бір ғасырда 2-3 рет қана қайталануы мүмкін. Метеорит Жер қабатынан 26 шақырым қашықтықта жарылған. Оны америкалық әскери жерсеріктер байқап қалды.

НАСА қызметкері Линдли Джонсонның пікірінше, нысан азаматтық ұшақтар қолданатын бағыттың маңында жарылған. Зерттеушілер оқиға куәгерлерін табу үшін әуе компания қызметкерлерін сұрастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.