{metadescription}
Орал базарында ер адам өзін пышақтап тастады

Орал базарында ер адам өзін пышақтап тастады

Оралдағы «Мирлан» орталық базарында ер адам өзіне-өзі пышақ салып алды.

Оқиға бүгін түске таман болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел жәрдем сағат 12.23-те шақырылды. Жедел жәрдем бригадасы 12.29-да жеткен.

«1970 жылғы ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Жарақатын қарап, таңғаннан кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, аталмыш дерек бойынша тәртіп сақшыларының жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қыз баланың жетінші қабаттан секіріп кеткенін, Бәйтерек ауданында колледж директорының өзіне-өзі қол жұмсағанын жазған болатынбыз. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.