{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

Бүгін Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын берді.

«Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы атағын беремін», - деді Қ.Тоқаев.

Еске салайық, Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде