{metadescription}
Маңғыстауда жол апатынан 11 адам зардап шекті

Маңғыстауда жол апатынан 11 адам зардап шекті

Шетпе-Жетібай бағытында жолдағы көлік апатынан 11 адам зардап шекті.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 наурызда кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Бірнеше жеңіл автокөлік соқтығысып қалған. Жол апатынан зардап шеккендер Жетібай ауылдық ауруxанасына жеткізілді.

2 ер адам апаттан қаза тапқан. Ал, тағы бір жігіт қазір ауыр xалде жансақтау бөлімінде жатыр. Оның миы шайқалып, басына зақым келген. Тағы 3 әйел әр түрліжарақатпен облыстық ауруxанаға жеткізілді. Зардап шеккендер арасында туғанына 19 күн болған сәби де бар. Бала қазір дәрігерлердің бақылауына алынды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде