{metadescription}
Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының  кіші қола медалін жеңіп алды

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының кіші қола медалін жеңіп алды

Бүгін Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама бәсекесі аяқталды.

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева алғашқы сыннан соң үшінші орында тұр деп хабарлайды Olympic.kz. Жарыс соңындағы баспасөз мәслихатына қатысқан Тұрсынбаеваға әлем чемпионатының кіші қола жүлдесі табысталды. Бұл Қазақстан үшін тарихи медаль.  Өйткені, бүгінге дейін мәнерлеп сырғанаушы қыздарымыз мұндай табысқа жеткен емес.

«Бүгінгі өнерім көңілімнен шықты. Көрермендер де, мұз айдыны да тамаша. Жапонияны жақсы көремін. Бірақ бүгінгі оқиғалардың бәріне салқынқанды қарап, алдағы жарыс күнін ойлау керек. Еркін бағдарламаға дайындалуға тиістімін. Ең бастысы – жинақы әрі сабырлы қалпымды сақтау. Бұл медаль бәрінен бұрын сенімділік сыйлады. Үлкен нәтиже көрсете алатыныма сенемін. Төрт айналым секіру элементі де жарыс өткен сайын жақсарып келеді. Бұрынғыға қарағанда тұрақталып қалды. Төрттік сальховты ресми жаттығу кезеңдерінің барлығында орындап жүрмін», - деді Тұрсынбаева. 

Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионаттарында мұндай нәтижеге алғаш рет қол жеткізіп отыр. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша ол жапониялық Каори Сакамото (76.86) мен ресейлік Алина Загитоваға (82.08) ғана жол беріп тұр. Біздің спортшы 75.96 ұпай жинап, маусымдағы ең үздік көрсеткішіне қол жеткізді. 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде