{metadescription}
Қарағанды темір жол вокзалы жабылады

Қарағанды темір жол вокзалы жабылады

26 наурыз күні жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Қарағанды теміржол возалының ғимараты уақытша жабылады.   

Жолаушыларға қызмет көрсету автовокзал ғимараты мен перронда жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарағанды теміржол вокзалын қайта жаңарту нысанды пайдалану кезеңінде барлық қажетті өндірістік жұмыстар рәсімін сақтай отырып, 2018 жылдың тамызынан бері жүзеге асырылып жатыр.

Жоба бойынша 2-5 жол еркін қозғалу үшін лифтілер мен эскалаторлар орнатылып, жылытылатын жабық конкорстық өтпе салынады. Вокзалда операциялық және сервистік аймақты ажырату жоспарланған. Операциялық аймақта кассалық зал, анықтама бюросы және күту залы болады. Ал сервистік аймақта шаштараздар, сауда дүңгіршектері, тамақтану орындары, шағын-маркеттер, сервис-орталық, ана мен бала бөлмесі және сақтау камералары орналасады. 

Вокзалда мүмкіндігі шектеулі тұлғалар кедергісіз жүріп-тұру үшін барлық жағдай жасалады. Жолаушылардың платформаларда жайлы қозғалуы үшін қалқалар орнату жоспарланған. Қайта жаңартылғаннан кейін вокзалдың аумағы 1600 шаршы метрден 3900 шаршы метрге дейін ұлғайып, жолаушыларды өткізу қабілеті тәулігіне 4000 орнына 7000 жолаушыға дейін артады, ал отырғызу орны 417-ден 670 орынға дейін көбейеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде