{metadescription}
Қостанай облысында белгісіз біреулер зейнеткерді тонап, өлтіріп кетті

Қостанай облысында белгісіз біреулер зейнеткерді тонап, өлтіріп кетті

15 наурызда сағат 20:00 шамасында Меңдіқара аудандық полиция бөлімшесіне қинап өлтірілген ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қылмыскерлерді анықтауда облыстық департаменті және аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Анықталғандай, 14 наурызда 72 жастағы зейнеткердің үйіне белгісіз екі азамат баса-көктеп кіріп, оның ұялы телефоны мен азық-түлік, ақшасын тартып алған. Соққыдан алған жарақатынан зейнеткер оқиға орнында қаза табады. Жедел іздестіру барысында Қостанай ауданы маңынан екі күдікті ұсталды.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде