{metadescription}
Еліміз Наурыз мейрамын тойлауды бастады

Еліміз Наурыз мейрамын тойлауды бастады

Бүгін, 21 наурызда Қазақстан халқы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтуді бастады.

Алматы көшелерінде Наурыз 2019 шеруі өтті. Ұлыстың ұлы күнінде қазақ эпосының батырлары, ертегі кейіпкерлері орталық көшелермен жүріп өтті. Ұлттық костюм киген 2 мыңға жуық адам, бүркітші, құсбегілер, тазы баптаған аңшылар Алматы көшелерінің сән салтанатын келтірді.

«Наурыз шеруі» Абай көшесімен қазақ мемлекеттік циркі жанынан сап түзеп, Абылай хан көшесімен Қабанбай батыр көшесіне дейін жүріп барып, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры маңайында тоқтады.

Наурыз - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Көне парсы тілінде «наурыз» жаңа айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл айды соғдалықтар «наусарыз», хорезмдіктер «наусарджи», армяндар «навасарди», чуваштар «норас-ойахе» деп атаған.

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі саналады. 2010 жылдан бері Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн - 21-23 наурыз аралығында тойланып келеді.

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде