{metadescription}
Еттен бас тартқан әйелдің шашы түсіп қалды

Еттен бас тартқан әйелдің шашы түсіп қалды

Ұлыбритания тұрғыны ет жемегені үшін шашынан айырылып қалды.

Шашы түсіп қана қоймай, әйел көп ұйықтайтын халге жетті. Музыкант Джессика Дрю былтырғы сәуір айынан бастап еттен бас тартқанын айтады. 

"Таныстарымның бәрі осылай жасай бастады. Сүтті тағамдарды да қөптен бері жемеймін. Осылайша еттен де бас тартам деп ойладым", - дейді ол. 

Ол бастапқыда өзін жеңіл сезінгенімен ақырындап шашының түсе бастағанын байқайды. Өз жасынан кәрі көріне бастайды. Сонда да ол етті жемей қойған. Шаштың түсуіне ақуыз бен кератиннің жетіспеуі себеп болуы мүмкін. Себебі шаш пен тырнақ содан тұрады. Ақуыздар еттен бөлек балықта, сояда, бұршаө пен жасымықта болады. Енді Дрю осы тағамдарды жеп, шашын қалпына келтірмек. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде