{metadescription}
Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

Ерлан Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылсын.

Ерлан Еркінұлы Баттақов 1969 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын «құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитеті мен Еңбек министрлігінің Республикалық салааралық біліктілікті жоғарылату институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде