{metadescription}
Биыл Наурыз көжені әзірлеу қымбатқа түседі

Биыл Наурыз көжені әзірлеу қымбатқа түседі

Ұлыстың Ұлы күні әзірленетін Наурыз көжеге қосатын қоспалар өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға қымбаттады.

Наурыз көжені әркім өзінше әзірлейді. Бірақ ет, арпа және сүтті тағамдар, тұз, су міндетті түрде қосылады. Көже жеті түрлі қоспамен дайындалады. Наурыз мейрамында әзірленетін көжеге қосатын қоспалар қымбаттап кеткен. Тұз өткен жылмен салыстырғанда наурызда 2,5 пайызға қымбаттаған. Яғни, 52 теңгеге көтерілді.

Жоғарғы сұрыптағы ұн 8,2 пайызға шығып, 162,9 теңге болды. Ал кеспе наны 46,1 пайызға қымбаттап, 592,5 теңгені құрады. Дәнді дақылдан тары қымбаттаған, оның бағасы - 254,2 теңгеге көтерілді.

Сүт 239 теңге, өткен жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға қымбаттаған. Айран бір жылдың ішінде 4,8 пайызға көтерілген. Қазіргі орташа бағасы  286 теңге. Жылқы еті  1780,4 теңге, сиыр 1562,6 теңгеге дейін, ал қой еті 1474 теңге болып тұр.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.