{metadescription}
«Өнер барыстары» анықталды

«Өнер барыстары» анықталды

"Өнер барысы" республикалық турнирінің ауыр салмақтағы бас жүлдесін Сырымбет Бибосынов жеңіп алды.

Ақтық сында "Өнер қырандарының" өнерпазы Сырымбет Бибосынов  әнші Ардақ Байғабылмен күрескен болатын. 5 минутқа созылған белдесу барысында Сырымбет екі рет әдіс жасап, қарсыласынан басым түсті. Осылайша ол  елімізде алғаш рет өткізілген "Өнер барысы" республикалық турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.  

Ал, турнирдің жеңіл салмақтағы бас жүлдесі үшін Қазақстан Жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының лауреаттары, кино актерлері Аян Өтепберген мен Асылхан Төлепов белдесті. Тартысты өткен кездесуде алдымен Асылхан бүк ұпайын еншілесе, іле-шала Аян да өз қоржынына дәл осындай ұпай сала алды.  Алайда, негізгі уақытта палуандардың есептері тең аяқталды. Осыдан кейінгі белдесуде қолы белбеуден шығып кеткен Аян жеңісті Асылханға беріп қойды. Айта кетейік, "Өнер барысы" республикалық турнирінің қола жүлдесі ауыр салмақта Еркебұлан Дайыровқа, ал жеңіл салмақта Абай Аязбаев бұйырғанын хабаралған едік.

Естеріңізге сала кетсек,«Өнер Барысы» республикалық турнирі  елордадағы "Дәулет" спорт кешешінде өтіп жатыр. Турнирге жиырмаға жуық палуан қатысты. Олардың ішінде бірде-бір кәсіпқой спортшы жоқ. Барлығы да Қазақстан халқы жақсы  танитын әртістер мен музыканттар, әншілер, айтыскерлер, актерлер, КТА-ға қатысушылар.  Олардың қатарында Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин сынды өнерпаздар бар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде