{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына орай құттықтау жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке - бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар.

Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды.

Наурыз - рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы.

Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі.

Бүгінде Наурыз - ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам.

Оның мәңгілік мәні - ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды - халықтың ынтымағын бекемдеу.

«Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы.

Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде