{metadescription}
Қостанайда зейнеткерді өлтіріп кеткендер ұсталды

Қостанайда зейнеткерді өлтіріп кеткендер ұсталды

Қостанай облысының полиция қызметкерлері Меңдіқара ауданында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады.

Меңдіқара аудандық полиция бөліміне ер адамның зорлық-зомбылықпен өлтірілгені туралы хабарлама түскен.  

«14 наурызда 72 жастағы зейнеткердің пәтеріне екі белгісіз азамат баса көктеп кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын салған, азық-түлік, ұялы телефон және ақшасын ұрлап кеткен. Дене жарақаты салдарынан зейнеткер оқиға орнында көз жұмды», - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Қостанай ауданының аумағында жасырынған екі күдіктіні ұстады. Сот күдіктілерді күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Еске салайық, Қостанай облысында белгісіз біреулер зейнеткерді тонап, өлтіріп кеткен болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде