{metadescription}
Ыстық шай мен кофе денсаулыққа қауіпті екені анықталды

Ыстық шай мен кофе денсаулыққа қауіпті екені анықталды

Америка ғалымдары ыстық шай немесе кофені көп ішу асқазандағы жараның ұлғаюына әкеліп соғуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Зерттеу 2004 пен 2017 жылдар аралығында жүргізілген. Оған 50 мыңнан аса адам қатысқан. Олардың 317-сінен асқазан обыры анықталған. Көбісі 60 пен 70 жас аралығында ер адамдар.

"Мұндай кезде адам жұтынған кезде қиналып, тамақтан соң құсқысы келеді, ас бойына сіңбей, тәбеті жоғалады, салмағы кеміп, іштің жоғары бөлігі, кеуде тұсы мен арқасы ауырады", - деп жазылған басылымда.

Тексере келгенде асқазан обырына шалдыққандардың 90 пайызы ыстық шай немесе кофе ішетін болып шыққан. Ғалымдардың айтуынша, денсаулық керек болса, алдыңызға келген шайды немесе кофені суытып ішкен дұрыс, әйтпесе асқазаныңыз бен тамағыңыз көпке шыдамайды. "40-30 градустан төмен болса, тіпті жақсы", - дейді олар.

Дереккөз: Sputnik

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде