{metadescription}
Тоқаев Тәжікстан және Армения президенттерімен сөйлесті

Тоқаев Тәжікстан және Армения президенттерімен сөйлесті

Армения мен Тәжікстан Президенттері және Грузияның премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Армения Президенті Армен Саркисян мен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзара тиімді ынтымақтастықты дамудың саяси бағыты өзгермейтінін айтты, - деп хабарлайды Ақорда. Оған қоса олар Президентке жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетіне сенім білдірді.  

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения және Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ, ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Сондай-ақ, Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі өркендету жолында табыс және зор жетістік тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Мамука Бахтадзеге ризашылық айтып, Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.