{metadescription}
Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуі туралы не ойлайтындарын айтты

Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуі туралы не ойлайтындарын айтты

Қазақстандықтар ұлт көшбасшысына алғыстарын жаудырды.

2019 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария етті. Елдің көптеген тұрғындары бұл жаңалыққа түсіністікпен қарады, олар мұндай саяси өзгерістердің тұтастай алғанда Қазақстанға оң әсерін тигізетініне сенімді.

Қазақстандықтар Тұңғыш Президентке өздерінің алғыстарын айтып, жылы тілектерін жаудырды. Жастар Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық тілеп, мемлекеттің дамуына қосқан үлесін мақтан тұта айтты.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент міндетін атқарушы болып тағайындалды. 20-наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын берді. Сонымен қатар, Президент міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасады. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде