{metadescription}
Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында күміс алды

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында күміс алды

Мәнерлеп сырғанаудан Сайтамада (Жапония) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева әйелдер арасындағы жарыста күміс медаль алды.

22 наурызда өткен негізгі бағдарламада Тұрсынбаева төрт айналым сальхов элементін секірді. Ол төрт айналым элемент секірген алғашқы әйел мәнерлеп сырғанаушы ретінде тарихқа енді. Еркін бағдарламада Тұрсынбаева төрттік сальховты тұңғыш рет қатесіз орындап, 148.80 ұпай жинады. Бұл Элизабеттің маусымдағы үздік көрсеткіші. 

Қоссайыс қорытындысы бойынша Элизабет  224.76 ұпай жинады. Бұл қазақ спортындағы тарихи жүлде екені сөзсіз. Алтын және қола медаль ресейліктер Алина Загитова (137.50) мен Евгения Медведеваның (223.80) еншісінде. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.