{metadescription}
Дариға Назарбаева көз жұмған полицейдің отбасына көңіл айтты

Дариға Назарбаева көз жұмған полицейдің отбасына көңіл айтты

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева Атырауда суға батып бара жатқан әйелді құтқарамын деп қаза болған жас полицейдің жақындарына көңіл айтты.

Дариға Назарбаева Атырау облысы Махамбет ауданы Береке ауылында тұратын Ақымғалиевтер отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Балаларыңыз, патрульдік полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиев басқа адамды құтқару үшін өз өмірін қиып, нағыз ерлік көрсетті. Бұл Қазақстан үшін ауыр қайғы. Ұлдарыңыздың ерлігі барша қазақстандыққа, әсіресе өскелең ұрпаққа үлгі. Нағыз батырды тәрбиелегендеріңіз үшін сіздерге бас иеміз", - делінген жеделхатта.

22 наурызда Атыраудың жүздеген тұрғыны қызды құтқарамын деп көз жұмған полиция қызметкерін еске алып, гүл шоқтарын қойды. Естеріңізге салайық, Атырауда полиция суға батқан әйелді құтқару үшін, ерлік жолында мерт болған болатын. Ол қызды құтқарамын деп көпірден Орал өзеніне секірген. Ол көп балалы отбасыда тәрбиеленген. Шалхар отбасының жалғыз асыраушысы болған.


 

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.