{metadescription}
Наурыз мерекесі кезінде 100-ге жуық адам суға батып өлді

Наурыз мерекесі кезінде 100-ге жуық адам суға батып өлді

Қайғылы оқиға Ирактың Мосул қаласына жақын жерде болған.

Ирактағы Тигр өзенінде туристер паромы апатқа ұшырап, 100-ге жуық адам суға батып кетті. Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған. Онда паромдағы адамдарды су ағызып әкеткенін анық көруге болады.

Туристер паромы Наурыз мерекесіне орай жалға алыныпты. Оның бортында шамамен 200 адам отырған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 93 жолаушы суға кеткен. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, паромдағы жолаушылардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Олар жүзуді білмеген. Алдын ала болжам бойынша паромның апатқа ұшырауына шектен тыс көп адамның отыруы мен Тигр өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп болған.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде