{metadescription}
ҚР Президенті Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионатында «күміс» еншілеген мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады.

«Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды! Тарихта тұңғыш рет төрт айналым әдісін орындады! Жарайсың! Құттықтаймын!», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Еске салсақ, Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алды. Ол еркін бағдарламаны тамаша орындап, қорытындыда 224,76 балл жинады. Спортшылардың ең соңынан шыққан Э.Тұрсынбаева ересектер арасындағы әлем чемпионатында тұңғыш рет төрт айналымдық сальхов элементін орындады.

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде