{metadescription}
Димаштың Мәскеудегі концерті дүркіреп өтті

Димаштың Мәскеудегі концерті дүркіреп өтті

22 наурызда Мәскеудегі Кремль сарайында Димаш Құдайбергеннің бірінші жеке концерті өтті.

Жанды дауыста өткен ән кеші үзіліссіз тура 3 сағатқа жалғасты. Осы уақыт аралығында Құдайбергенов репертуарындағы қазақ, орыс, француз, ағылшын тілдеріндегі әндерді, сондай-ақ, жаңа туындыларын орындады. 

Мәскеудегі концертке Димаштың шығармашылығына шынайы берілген әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйерлер келген. Құрметті қонақтар арасында әншінің ата-анасы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі, Ресей Премьер-Министрінің жұбайы, эстрада жұлдыздары және өзге де беделді азаматтар болған. Залда отырған көрермендер Димаш ән салғанда денелері түршіккенін, үйлеріне қайтқан кезде де естерін жия алмағандарын айтты. 

Димаштың Ресейдің төріндегі алғашқы концертіне әншінің фанаттары үш сағат бұрын жинала бастады. Олар қолдарына "Димаш" деп жазылған плакаттарын, құшақ-құшақ гүлдерін ұстап келген. Көңіл-күй көтеріңкі, олар концерттің жоғары деңгейде өтетініне сенімді. Концертінен бір күн бұрын әлемнің 56 елінен 400-ден астам жанкүйер Мәскеуде «pre-party»-де бас қосқан еді.

Коцерттің толық нұсқасын ұсынамыз.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде