{metadescription}
Петропавлда екі 5 жасар бала жоғалып кетті

Петропавлда екі 5 жасар бала жоғалып кетті

Петропавл қаласының орталық алаңында Наурыз мейрамы кезінде жоғалып кеткен 5 жасар балалар табылды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір күнде екі 5 жасар бала жоғалған. Полиция қызметкерлеріне әйел адам келіп, өзінің Максим есімді ұлын жоғалтып алғанын айтып, көмек сұраған. Құқық қорғаушылар қалың бұқараның ішінен баланы бірден тапқан.

Дәл осыған ұқсас оқиға 5 жасар қызбен болған. Ол әжесімен және кішкентай інісімен бірге орталық алаңдағы мерекелік шоуды тамашалауға келген. Қыз да көпшілік адам арасында әжесінен ажырап қалған. Қуанышқа орай, адасқан қызды полиция капитаны Назира Сейтзадина тауып алған.  

«Кішкентай қыздың әрекеті күдікті болды. Мен одан сен адасып кеткен жоқсыңба деп сұрадым. Ол алаңға әжесімен бірге келгенін және оны таба алмай жүргенін айтты. Мен баланы әріптестерімен тапсырды»,- Назира Сейтзадина.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде