{metadescription}
Қазақстандық палуан «Харлампиев мемориалы» турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық палуан «Харлампиев мемориалы» турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық палуандар Мәскеуде самбодан өткен «Харлампиев мемориалы» әлем кубогы жарысында бір алтын, бір күміс, төрт қола медальды жеңіп алды.

Халықаралық самбо федерациясы хабарлағанындай, екі күнге созылған айтулы додада ерлер мен әйелдер арасында және әскери самбодан 27 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Қазақстан құрамасынан 52 кг салмақта сынға түскен 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Бағлан Ибрагим қарсыластарының бәрінен басым түсіп, чемпион атанды. Ол финалда ресейлік самбошы Алексей Клюкинді жеңді.

Әйелдер арасында 68 кг салмақта белгілі самбошы Ділдәш Күрішбаева соңғы бәсекеге дейін алқынбай жетті. Әйтсе де ол финалда моңғолиялық спортшыға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Тағы бір қазақстандық Айнұр Ақжігітова 72 кг салмақта жүлделі үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ Қайырберді Айдынбай (57 кг), Парасат Жұмабаев (62 кг) қола медальға ие болды.

Әскери самбодан Темірлан Оразов қана жүлдеге ілікті. Ол 57 кг салмақта қола жүлдегер атанды. «Харлампиев турнирі» - биыл Корея астанасы Сеулде өтетін әлем чемпионаты алдындағы маңызды жарыстардың бірі. Еске сала кетейік, өткен жылы осы турнирде қазақстандық самбошылардың 8 жүлде алғанын жазған болатынбыз.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.