{metadescription}
Текеліде 3 жігіт қараусыз қалған шахтада көз жұмды

Текеліде 3 жігіт қараусыз қалған шахтада көз жұмды

Бүгін Алматы облысындағы Текелі қаласында үш жігіт шахтада қайтыс болды.

Марқұмдардың денесі қараусыз қалған кен орнынан шығарылды. 

«Оқиғаны растаймыз. Қайғылы жағдай бүгін болды. 25-26 жастағы жігіттер Талдықорған қаласының тұрғындары болып шықты. Олар Текелі тауларына қыдырып келіп, қызығушылықпен шахтаға кірген. Бұл шахталар жұмыс істемейді.  Нақты жігіттердің өліміне не себеп болғанын арнайы құзырлы органдар, сот-медициналық сараптама анықтайды», - деді Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев ҚазАқпарат тілшісіне.

Бастапқы болжам бойынша, үш жігіт шахтаның ішіндегі улы газға уланып көз жұмуы мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде