{metadescription}
Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Ресей құрамасынан ойсырай жеңілді.

Нұр-сұлтан қаласында өткен кездесуде қазақстандықтар өз қақпасына 4 гол жіберіп алды.  Ресейліктер сапынан ойынның 19-шы және 45-ші минутында Денис Черышев, 52-ші минутта Артем Дзюба доп соқты. Ал 62-ші минутта Абзал Бейсебеков өз қақпасын дәл көздеп, қарсыластың басымдығын еселей түсті. Бұл іріктеу турнирі аясындағы екінші кездесу.

Айта кетсек, 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің екінші тур ойынының финалдық кезеңіне 24 құрама жолдама алады. Қазақстан мен Ресей құрамалары I тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бельгия, Шотландия, Кипр және Сан Марино. Екі құрама да 21 наурызда алғашқы тур ойындарын өткізіп үлгерді. Қазақстан өз алаңында Шотландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ресей сырт алаңда Бельгияға 1:3 есебімен жол берген.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде