{metadescription}
Маңғыстау кен орнындағы апат өртке ұласты

Маңғыстау кен орнындағы апат өртке ұласты

Қаламқас мұнай кен орнында газ жанып жатыр.

Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты. Оның айтуынша, 25 наурыз күні сағат 07-10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-тың «Қаламқас» мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінен шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы туралы хабарлама түсен. Өрт аумағы 900 шаршыметрді құрайды.

«Қазақ тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС және «Қаражамбас» ЖШС үкіметтік емесөрт сөндіру қызметтерінің 14 маманымен 4 техникасы жұмылдырылған», - деді Нұрсұлтан Нұрахмет.

Айта кетсек, бұған дейін 15 наурызда Қаламқас кен орнында төтенше жағдай болып, газ-суаралас қоспа атқылаған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдемесінде айтылғандай, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде