{metadescription}
Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Он бес жыл бойы жүргізілген ғылыми зерттеудің нәтижесі белгілі болды.

Ұзақ өмір сүру құпияларының бірі – ұрпақты бірге тәрбиелеу. Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінің ғалымдары осындай қорытынды жасады. Ғалымдар анықтағандай, жалғыз тіршілік ететін құстарға қарағанда, балапандарын жұптасып өсіретін қанаттылар әлдеқайда ұзақ өмір сүреді екен. 

Осындай қорытындыға келу үшін зерттеушілер 15 жыл бойы Сейшел аралдарын мекендейтін құстарды зерттепті. Британдық ғалымдардың пайымдауынша, зерттеу нәтижесі жан-жануарлар қауымдасып тіршілік етсе, ұзақ жасайтынын көрсетеді, деп жазады spitniknews.kz. Қоғамда өмір сүретін адамдардың да ғұмырлы болуының сыры осында болса керек.

Бұдан бұрын Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары күнделікті дұрыс тамақтанып, жеткілікті калория мөлшерін сақтау өмірді ұзартуға әсер ететінін анықтаған болатын. Олар диетаның адам ағзасына зиянын дәлдеп шықты.


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.