{metadescription}
Омбыда қазақстандық студент көлік астына түсті

Омбыда қазақстандық студент көлік астына түсті

Қазір ауруханада жатқан 19 жастағы қыздың жағдайы ауыр.

Омбы қаласында 19 жастағы қазақстандық студентті көлік қағып кетті. Ол бағдаршам жасыл жанған кезде жолдан өтіп бара жатқан. Жол апаты Красный Путь көшесіндегі «Городок Водников» аялдамасының маңында болды. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Starlet көлігі қатты жылдамдықпен келе жатқан.

«Қатты келіп соққаны сонша, көліктің алдыңғы терезесі сынған. Жедел жәрдем жақын маңда болғандықтан, зардап шеккен қыз аман қалып, №1 қалалықауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға видеотіркегішіне жазылып қалған жүргізушілердің хабарласуын сұраймыз. Мен оқиға куәгерімін», - деп жазады қала тұрғыдарының бірі.

Куәгердің айтуынша, оқиға орнына құқық қорғау органдары жарты сағатта жеткен, деп жазады sputniknews.kz. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.