{metadescription}
Мас күйінде біреудің көлігін айдап әкеткен

Мас күйінде біреудің көлігін айдап әкеткен

Астаналық полицейлер мас күйінде көлік жүргізген күдіктіні ұстады.

«24 наурыз күні 22.00 шамасында жедел басқару орталығынан «Infiniti FX35»  маркалы  көліктің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, мас күйінде болу мүмкін деген хабарлама келіп түсті. Автокөлікті тоқтату кезінде аталған жүргізуші полицейлердің заңды талаптарын орындамай, жылдамдықты асыра пайдаланып, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген», - делінген хабарламада.

Қорғалжын тас жолы мен Аягөз көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері көлікті мәжбүрлеп тоқтатуды шешті. Тек полиция автоэкипажымен соқтығысқаннан кейін ғана автокөлік тоқтады. Салдарынан үш полиция қызметкері дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат. «Infiniti FX35» автокөлігінің жүргізушісі дәрігерлердің тексерісінен кейін (кеуде қуысының соғылуы) Сарыарқа ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

Жергілікті тұрғынға тиесілі ТҚС аумағынан автокөлікті айдап әкеткен күдікті - техникалық қызмет көрсету станциясының 35 жастағы қызметкері екен. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, жүргізуші мас болған. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 200-бабы («Біреудің көлігін айдап кету») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде