{metadescription}
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы тағайындалды.

Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ғалымжан Қойшыбаев бұл қызметте Дархан Қалетаевты алмастырды. Оны Премьер-Министр Асқар Мамин бүгін Үкімет отырысы алдында таныстырды. Қазір Дархан Қалетаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

«Үкімет қаулысымен Қойшыбаев Ғалымжан Телманұлы  Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ғалымжан Телманұлы Президент әкімшілігінде, Сыртқы істер министрлігі жүйесінде ел үшін министрдің орынбасары болып көп жыл бойы  еңбек атқарды. Ғалымжан Телманұлына жаңа қызметте сәттілік тілейміз», - Асқар Мамин.

Ғалымжан Қойшыбаев туралы не білеміз?

Ғалымжан Телманұлы 1968 жылы 12 сәуірде  Қызылорда қаласында дүниеге келген. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1995–2004 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;

2004 жылы — Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы жанындағы өкілетті өкілі;

2004–2006 жылдары — президенті әкімшілігінің бас инспекторы;

2006–2008 жылдары — Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі;

2008–2012 жылдары — Қазақстанның Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Латвиядағы, Эстония және Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы);

2012–2016 жылдары — Қазақстанның Финляндия мен Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы);

2016 жылдан бастап сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде