{metadescription}
Жантүршігерлік жол апатында бойжеткен мен үш жасар сәби қаза тапты: ФОТО

Жантүршігерлік жол апатында бойжеткен мен үш жасар сәби қаза тапты: ФОТО

Алматыда жаңа Саин көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды.

Соқтығысқан екі көліктің жүргізушілері ауруханада жатыр, жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Алматыда жаңа Саин көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Hyundai Accent Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Индустриялық аймаққа қарай бұрылмақ болады.

Дәл сол уақытта осы көше бойымен Toyota Land Cruiser Prado оңтүстік бағытта келе жатады, деп жазады sputniknews.kz. Жол талғамайтын авто Hyundai көлігіне бір-ақ соғылады да,  қатты соққыдан жеңіл көлік бір шетке ұшып кетіп, арыққа түседі.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Hyundai жолаушылары – бойжеткен мен 2016 жылы туған сәби жедел жәрдем келгенше қаза тапты. Жол апаты орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде