{metadescription}
Конор Макгрегор спорттан кететінін айтты

Конор Макгрегор спорттан кететінін айтты

Ирландиялық файтер, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор ММА-ден кеткенін мәлім етті.

Спортшы twitter парақшасында жазды. ММА аралас жекпе-жегіндегі ирландық спортшы Конор Макгрегор аралас жекпе-жектен кететінін айтты. 

«Сәлем, жігіттер, тез арада мәлімдеме жасаймын. Мен «аралас жекпе-жек« деп аталатын спорттан кетемін. Бұрынғы әріптестеріме сәттілік тілеймін. Мен енді осы кәсіпорындағы зейнетте жүрген бұрынғы әріптестеріме қосылам», - деп жазды спортшы. 

ММА талабы бойынша Конордың соңғы ойыны 2018 жылдың қазан айында өтті. Оның 21 жеңісі мен 4 жеңілісі бар. Бұрын жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC чемпионы титулын иеленді. UFC аясындағы соңғы жекпе-жегінде Макгрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін ресейлік спортшы ирландиялықтың командасымен сөзге келіп, кейін арты төбелеске жалғаcқан еді. Салдарынан екі файтер де спорттан уақытша шеттетілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.