{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді

Алматылық жастар еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұшақ трапынан гүл шоқтарымен қарсы алды.

Оңтүстік астананың жас өрендері Елбасыға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді. ЖОО студенттерін біріктіретін G-38 ұйымының басқаруымен екі мыңнан астам алматылық студент Елбасына жастарға деген шексіз қамқорлығы мен қолдауы және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі үшін жеке алғыстарын білдірді.

Кездесу барысында жастар Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи жасап, қолын алды. Өз кезегінде Елбасы жастардың немен айналысып жүргенін сұрады.

«Қазақстанда 140-қа жуық ұлт өкілі турады және олардың әрқайсысы ана тілінде сөйлеп, салт-дәстүрін ұстанады, бұл тұста Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған еңбегі орасан деп санаймын. Менің ұлтым әзербайжан, қазақ тілін үйреніп алдым, ана тілімде де ұялмай сөйлей аламын. Посткеңестік елдердің ешбірінде мұндай жоқ. Осы үшін және 30 жыл бойы атқарған еңбегі үшін мен біздің Елбасыға алғысымды білдіремін», - дейді Халықаралық қатынастар университетінің студенті Турал Мамедов.

Ұшақ баспалдағынан түскен Нұрсұлтан Назарбаев жас алматылықтарға жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде