{metadescription}
Ақтөбеде мектеп оқушысы жол апатынан көз жұмды

Ақтөбеде мектеп оқушысы жол апатынан көз жұмды

Ақтөбеде жас жігіт көлігімен 9 сынып оқушыларын қағып кетті.

Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Оқиға 24 наурыз күні кешқұрым Едіге батыр даңғылы бойында орын алды. «Опель-Вектра» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі мектеп оқушыларын қағып кеткен.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Медициналық сарапатаманың шешімі бойынша 20 жастағы жүргізуі мас болмаған. Ол Ақтөбе қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 345 "ҚР ЖЖЕ бұзу" бабына сәйкес сот алды тергеу басталды. Ал, Ақтөбе медицина орталығына жеткізілген екінші 15 жастағы жасөспірімнің жағдайы тұрақты, қан айналымы бірқалыпты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде