{metadescription}
Оралда жол апатынан 4 адам жарақаттанды

Оралда жол апатынан 4 адам жарақаттанды

Орал қаласында жеңіл көліктердің соқтығысуынан төрт адам зардап шекті, оның екеуі - балалар.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше шамамен сағат 21.42-де Құрманғазы мен М.Ықсанов көшелерінің қиылысында болды. «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, жүйіткіген күйі «Тойотамен» соқтығысқан.   Салдарынан «ВАЗ-2115»  жүргізушісі мен сол автокөлікте отырған жолаушылар жарақат алды.

«Қазіргі кезде жол ережесін бұзған жүргізуші ауруханада жатыр. Шыққаннан кейін ол әкімшілік жазаға тартылатын болады», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем оқиға орнына 21.49-да шақырылды. Бригада 21.54-те жеткен.

«Облыстық көпбейінді ауруханаға 1987 жылғы ер адам, 1970 жылғы әйел және 2015, 2016 жылғы балалар жеткізілді. Ер адам хирургиялық бөлімшеге жатқызылса, қалғандары амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деді А.Сақпосынова.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде