{metadescription}
«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді

«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді

Энергетика министрлігінің ресми өкілі Нұрлыбек Жеңісбек  «Қаламқас» кен орнындағы өрттің сөнгенін мәлімдеді. 

«28.03.2019 сағат 01.05-те "Қаламқас" кен орнындағы № 8237 ұңғымасындағы грифонда шыққан өрт сөнді. Бүгінде газ су аралас ашық от лаулағаны тоқтап, пайда болған грифондар жабылды», - деп хабарлады ол.

Еске салайық, 13 наурызда Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылады. Ал 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне «Қаламқас» кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланды.  


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде