{metadescription}
Оралда ер адамның мәйіті табылды

Оралда ер адамның мәйіті табылды

Орал қаласында депо көпірінің астынан ер адамның мүрдесі табылды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адамның денесінде зорлық белгілері жоқ. Оның кім екендігі анықталу үстінде. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемнің сағат 07.58-де шақырылғанын жеткізді. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйде өрт шығып, екі адамның уланғанын жазған болатынбыз.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде