{metadescription}
Дүкен сөрелеріндегі торттардан ішек таяқшасы табылды

Дүкен сөрелеріндегі торттардан ішек таяқшасы табылды

Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті бірнеше азық-түлік құрамынан зиянды ішек таяқшаларын тауып, тұрғындарға аталған тауарларды сатып алмау керектігін ескертеді.

«Үстіміздегі жылдың наурыз айында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген мониторинг барысында «Астана Нан Торт»  ЖШС-нің «Вкусняшка» кондитерлік өнімдерінен (йогурт, сүзбе және Королевский торттарынан) ішек таяқшалары табылды. Сондай-ақ, «Беспалинова З.Р.» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Марс» дүкенінде ішек таяқшалары бар және таңбаланбаған азық-түлік анықталды. Оның ішінде теңіз қырыққабаты және саңырауқұлақтан жасалған салат. Одан бөлек, «Respeсt inc» ЖШС-ның хот-дог және француз сэндвичтерінен де аталған бактерия түрі табылып отыр», - делінген департамент хабарламасында.

Осыған орай, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті елорда жұртынан жоғарыда аталған азық-түліктерді сатып алмау және жалпы тауар сатып алу кезінде сыртқы қорабына мұқият қарауды сұрайды. Сонымен қатар, аталған денсаулық сақтау мекемесі ҚХР-де шығарылған «Monster Elves», «Lol Surprise» қуыршағы, «Lol Surprise» капсуласы және «BOY SERIES» (ер балаларға арналған) қуыршағында формальдегид химиялық заттегі барын анықтады. Сондықтан «Астаналық базар» (Артем)  сауда үйінде сатылып жатқан аталған қуыршақтарды сатып алмау керектігін ескертеді.

Хабарламада айтылғандай, қазіргі уақытта, балаларға қауіпті ойыншықтарды сауда айналымынан алып тастау жөнінде жұмыс жүріп жатыр. Сол сияқты қаладағы басқа да «Золотой ключик», «Ақбота», «MARWIN» секілді балалар ойыншығын сататын дүкендерге тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті бас қала тұрғындары мен қонақтарынан қала бойынша сауда сөрелерінен таңбаланбаған зат немесе азық-түлікті кезіктірген жағдайда 8 /7172/ 31-61-81 немесе 87780127000 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.