{metadescription}
Шымкентте Назарбаев мектебінің оқушысы 13-қабаттан құлап қайтыс болды

Шымкентте Назарбаев мектебінің оқушысы 13-қабаттан құлап қайтыс болды

30 наурыз күні Шымкентте қайтыс болған жасөспірім Назарбаев мектебінің оқушысы болған.

Бұл туралы қалалық білім басқармасындағылар хабарлады. Қайғылы оқиға 31 наурызда белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша 9-сынып оқушысы 13 қабаттан құлап кеткен. Бұл қайғылы оқиға немесе суицид болды ма, оны тергеушілер анықтайтын болады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар жасөспірімнің қаза болу фактісін растады.

Бұған дейін біз ресми емес ақпараттарға сүйене отырып, қайтыс болған жасөспірім республикалық деңгейдегі беделді оқу орнының оқушысы болғаны туралы жазған. 31 наурыз аталған оқу орнындағылар пікір беруден бас тартты.

Білім басқармасындағылар оқушының қазасын тек бүгін ғана ресми түрде растады. Айта кетейік, қайтыс болған жасөспірім Назарбаев мектебінің 9 сынып оқушысы болған. 

Дереккөз: Elitar.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде