{metadescription}
ШҚО тұрғыны бір жұдырық «жеп», 1 миллион теңге алды

ШҚО тұрғыны бір жұдырық «жеп», 1 миллион теңге алды

Жәбірленуші тісін емдетуге ғана жеті жүз мың теңге жұмсапты.

Соттың ақпараты бойынша, Семей қаласының тұрғынына бейтаныс біреу келіп шылым сұрған, деп хабарлайды Алтайньюс. «Жоқ» дегені сол екен, белгісіз қаскүнем қарапайым адамды соққыға жағыпты. Осыдан кейін жәбірленуші тісін емдетуге мүжбүр болған екен. Оның айтуынша, тіс дәрігерлерінің қызметіне 694 673 теңге қаражатын жұмсапты.

Аталмыш оқиғаға қатысты істі Семей қаласының соты қарап, шешім шығарды. Сот қаскүнемнің бас бостандығын шектеп қана қоймай, одан 694 673 теңге көлемінде материалдық шығын және 250 000 теңге моральдық залал өтемақысын өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Осылайша бұрыс әрекетке барған әпенді 944 673 теңге қаражатынан қағылып отыр. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде