Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Чемпиондар лигасы: Роналду рекорд орнатып, Мессидің беті қанға боялды
10 сәуірде Чемпиондар лигасының ширек финалында "Аякс" пен "Ювентус", сонымен қатар "Манчестер Юнайтед" пен "Барселона" футбол клубтары ойын көрсетті.
13:50 11.04.2019
"Аякс" пен "Ювентус" клубтарының кездесуінде Криштиану Роналду рекорд орнатты. Ширек финалда "Аяксқа" қарсы өткен ойында ол осы жарыстағы 125-голын соқты. 1/4 финалдағы бірінші ойында "Ювентус" сырт алаңда "Аякспен" тең ойнады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
45 минутта Роналду баспен гол соғып, командасын алға шығарған. Екінші тайм басында-ақ амстердамдық команда есепті теңестіре білді. Давид Нерестің тепкен добы туриндің клуб қақпасының торында тулады.
Ал, Англиялық "Манчестер Юнайтед" қорғаушысы Крис Смоллинг Чемпиондар лигасы 1/4 финалы матчінде (0:1) каталондық "Барселона" форварды Лионель Мессидің мұрнын бұзды. Оқиға 30-шы минутта болды. Смоллинг жоғарыдан келген допқа секіріп, Мессиді шынтағымен қағып жіберді. Аргентиналық бірден құлады.
Дәрігерлер біраз уақытқа дейін оның мұрныннан саулаған қанды тоқтата алмады, осыған байланысты матч кезінде бірнеше минут үзіліс болды. "Манчестер Юнайтед" пен "Барселонаның" кездесуі 0:1 есебімен каталониялықтардың пайдасына аяқталды
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram