{metadescription}
Рудныйда көпқабатты үй өртеніп, 100-ден аса адам эвакуацияланды

Рудныйда көпқабатты үй өртеніп, 100-ден аса адам эвакуацияланды

Рудный қаласында 9 қабатты үйден өрт шықты.

Оқиға бүгін сағат 19:08-де болған.  Өртке қарсы қызмет пультіне Рудный қаласы Ленин көшесі бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Өрт төртінші қабаттағы тамбурдан шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 152 адам эвакуацияланды және 20 адам құтқарылды, оның ішінде 9-ы - бала. Өрт сағат 19: 30-да оқшауланып, сағат 19: 36-да жойылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану. Өрт сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 5 өрт сөндіру техникасы тартылды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде