{metadescription}
АҚШ-та жүйіткіген пойыз көлікті қағып өтті

АҚШ-та жүйіткіген пойыз көлікті қағып өтті

Орландода (АҚШ) теміржол өткелінде пойыз автокөлікке соқтығысты.

Оқиға түсірілген видеотаспа Twitter-дегі жергілікті полицияның парақшасында жарияланды. Қара түсті жол талғамайтын көліктің жүргізушісі басқа автокөліктермен бірге теміржол өткелінен өтіп үлгере алмаған. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанғанда ғана орнынан қозғалған.

Тап осы сәтте  жүйіткіген пойыз оны қағып өткен. Зардап шеккен жүргізуші ауыр жарақат алған. Ол қазір ауруханада жатыр.  

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.