{metadescription}
Таеквондошылар Украинадағы турнирден 12 жүлде еншіледі

Таеквондошылар Украинадағы турнирден 12 жүлде еншіледі

Украинаның Харьков қаласында таеквондодан "Ukraine Open G-1" турнирі аяқталды. 

Қазақстан командасының негізгі құрамы аталған турнирге қатысқан жоқ. Олар Оңтүстік Кореяда өтетін оқу-жаттығу жиынына дайындалуда. Ал жастар командасы 12 жүлде жеңіп алды. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, 73 келідегі Айгүл Елубай алтын медаль тағынса, Мұрат Назаров (58 келі), Айгерім Мұхамеджанова (49 келі) және Нұрай Хусайынова (62 келі) күміс жүлдегерлер қатарына енді. Сондай-ақ, сегіз спортшымыз рейтингілік турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде