{metadescription}
Белгілі музыкатанушы, ғалым Жарқын Шәкәрім өмірден өтті

Белгілі музыкатанушы, ғалым Жарқын Шәкәрім өмірден өтті

71 жасқа қараған шағында белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі, ғалым  Жарқын Шәкәрім өмірден озды.

Белгілі домбырашы, күйші, музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрім қайтыс болды. Қаза туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Қазақ өнері ауыр қазаға душар болды. 71 жасқа қараған шағында белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі, ғалым ағамыз Жарқын Шәкәрім дүниеден өтті, қайғылы хабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр. Қазақ халқының рухани кемелденуіне үлес қосып, музыка өнерінің халықтық мүддеге сай өркен жаюына еңбек еткен, белгілі күйші, музыкатанушы, әміретанушы, қоғам қайраткері Жарқын ағамыздан айырылып қалдық. Осыған байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өмір бойы туған халқына, оның рухани саласына қалтқысыз қызмет еткен жомарт жүректі жақсы адамның бұл қазасы қабырғамызды қайыстырып кетті. Біздің бір көңілге медет ететініміз, Жарқын ағаның артында өлмейтұғын мұрасы қалды. Ардақты ағамыз шынында да бәріміз жақсы көрген абзал азамат еді. Ол өзінің барынша адал да таза қалпымен, ақжарқын да жайдары мінезімен жанымызға жақын болды. Нұры пейіште шалқысын. Қазақ руханиятына жасаған адал қызметі ешқашан ұмытылмайды...», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында.

Жарқын Шәкәрім 1947 жылы Аягөзде дүниеге келген. Мәдениет қайраткері “Әміре”, “Ән жұлдызы”, “Амре Кашаубаев”, “Малайсары биден Шәмілге дейін”, “Ән асқары”, “Құрманғазы”, “Нұрғиса Тілендиев” атты кітаптар жазды.  “Қазақстан” РТРК” АҚ жобасы бойынша жарыққа шыққан “Мәңгілік сарын” қазақ күйлерінің антологиясының (255 күй) жауапты редакторы болды. Жарқын Шәкәрім ұмытыла бастаған көне саз аспабы – үш ішекті домбырада шебер орындаушы, оны насихаттаушы болды. Оның репертуарында “Жорға аю”, “Көктөбел”, “Кеңес”, “Үзбе”, “Толғау”, “Қыз мұңы”, “Қабанбай” сияқты халық қүйлері, Нұрғалидің “Көк қаршыға” күйі, өзі шығарған “Анадан аманат”, “Абыралыдағы ата зары”, “Дүние-кезек”, тағы басқа композициялар бар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде