{metadescription}
Сарыағашта адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Сарыағашта адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасын жасап, тез арада ізін суытқан қылмыскерді құрықтады.

Сарыағаш АПБ-нің 102 қызметіне Сарыағаш орталық ауруханасынан хабар келіп түсті. Онда жол-көлік оқиғасы салдарынан жергілікті тұрғын қайтыс болғаны жөнінде айтылған. 

«Аталған хабарлама бойынша аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Тексеру барысында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылының шығыс беткейі арқылы өтетін «Жібек жолы-Дербісек» тас жолының бойында белгісіз жүргізуші автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып кеткені белгілі болды. Күдікті жол апатынан кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізіледі, бірақ ауыр жарақатынан сол жерде көз жұмады», - делінген хабарламада.

Адам өліміне әкеліп соққан оқиға ҚР ҚК-нің 345 «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және  347 «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қаза тапқан жаяу жүргінші мәйітіне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Шұғыл іздестіру нәтижесінде Сарыағаш АПБ қызметкерлері күдікті жергілікті тұрғынды ұстап, ол қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.  

Дереккөз: Inform.kz


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.