{metadescription}
Түркістан облысында 1,5 жасар бүлдіршін тарақан өлтіретін дәріні жеп қойған

Түркістан облысында 1,5 жасар бүлдіршін тарақан өлтіретін дәріні жеп қойған

Түркістан облысында 1,5 жасар қыз тарақанның дәрісін жеп қойған.

Уланған бүлдіршінді жедел жәрдем қызметкерлері Төлеби аудандық орталық ауруханасына жеткізген. Келеңсіз жағдай Леңгір қаласында орын алған. Ата-анасы үйіне келген меймандарды күтеміз деп, қызын қараусыз қалдырған. Осы кезде бүлдіршін еденде жатқан тарақан өлтіретін дәріні жеп қояды. 

Анасы оны дер кезінде байқап қалып, жедел жәрдем шақыртқан. Ауруханаға ауыр жағдайда  түскен кішкентай науқасқа «жіті уланған» деген диагноз қойылды. Дәрігерлер шұғыл түрде емдік шаралар жасап, өмірін аман алып қалды. Қазіргі таңда қыздың өміріне қауіп жоқ. Бүлдіршіннің ата-анасы дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.