{metadescription}
Созақта өзін өлтірмек болған жас жігітті полицейлер құтқарып қалды

Созақта өзін өлтірмек болған жас жігітті полицейлер құтқарып қалды

Түркістан облысы полицейлері өзін-өзі өлтірмек болған жас жігітті құтқарып қалды.

Кешқұрым жергілікті тұрғындар полицияға хабарласып, көпқабатты үйдің шатырында ер адам тұрғанын айтқан.  

«Созақ аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Мұрат Жұрықбаев бірден оқиға болған жерге аттанды. Полицей әлгі адамның үйдің шатырынан секіруге оқталғанын бірден байқады. Учаскелік инспектор Мұрат Жұрықбаев жедел әрі үйлесімді әрекет жасады, себебі абайламай жасалған бір әрекеттің өзі орны толмас қасіретке апаруы мүмкін еді. Ол жас жігітке сақтықпен жақындап, қас қағым сәтте оны қапсыра құшақтап, қауіпсіз арақашықтыққа алып кетті. Созақ аудандық жергілікті полиция қызметкерлері инспекторға көмекке келіп үлгерді» делінген хабарламада.

Полицейлер жас жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Жас жігіт Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты, деп жазады ҚазАқпарат. Оны мұндай әрекетке қаражат қиындығы итермелеген.  Аталған дерек полиция бөліміндегі алдын ала тергеу тізіліміне тіркелді. Қазір болған оқиғаның жай-жапсары анықталуда.  


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.