{metadescription}
17 сәуірде радио мен телеарналар хабар таратуын тоқтатады

17 сәуірде радио мен телеарналар хабар таратуын тоқтатады

Қазақстандағы радио-телехабар тарату саласының ұлттық операторы 17 сәуірде теле және радиохабар тарату уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

2019 жылғы 17 сәуір күні 03:00-ден 17:00-ге дейін телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ спутник, цифрлық және баламалы эфирлік желілердің техникалық құралдары сервисін жауып, жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, деп хабарлайды «Қазтелерадио».

«Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен қатар, тоқсандық жоспарлы-алдын алу жұмыстары қызметті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді, әрі осы мерзім ішінде техникалық қондырғыларды жетілдіру бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі», - делінеді хабарламада.

Компаниядағылар қазақстандықтардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде